Сурет – өлмейтін өнер. Биыл даңқты суретші Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толып отыр. Осы ретте суретші Жанұзақ Мүсәпірмен сұхбаттасудың реті түсті. Сонымен қатар суретшінің «Балалықтан даналыққа жол» атты полиптихы Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығына бақ сынау үшін іріктелген шоғырға еніп отыр. Суретшімен әңгімеміз төмендегіше өрбіді.