«Қазіргі жастар кітап оқымайды» деген пікірді ересектерден жиі естиміз. Бұл пікір қаншалықты дұрыс? Жастар расымен де, Шаханов айтпақшы, «компьютербасты жарты адамдарға» айналып бара жатыр ма? Әлде олар оқитын дүние бұрынғы әдебиеттерден басқаша ма? Осы сұрақтарға жауап іздеп, жастар арасында сауалнама жүргіздік.