Елімізде 3 мыңнан аса адам ішкі органдар трансплантациясына зәру. АҚШ-та донор ағза күтіп жүргендер саны 100 мыңнан асады. Ал әлем бойынша мұндай науқастардың қанша екенін елестетудің өзі қорқынышты. Ғалымдар органдарды принтерден шығару арқылы бұл проблеманы шешудің жолын тапты.