Биыл қыркүйекте мектепке баратын оқушылар саны 3,9 миллионға жетті. Оның 360 мыңға жуығы мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отыр. Білім күнінде республика көлемінде 61 жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Жалпы, 2024 жылы елімізде 536 мың оқушыға арналған 302 жаңа мектеп есігін айқара ашуы тиіс.