Абайдың шәкірті әрі қаракөктің тұқымы, тумысынан затты Шәкәрім – әмбебап тұлға. Ол – ойшыл, деректанушы, шежіретанушы, композитор, романшы, дастаншы, саф таза толғауларды туындатушы, тәржімашы, мәдениеттанушы, көсемсөзші, психолог, тәлімгер, ел басқару өнерінің білгірі, мерген, құсбегі, қолөнерші.