Жеңіл өнеркәсіп өз атын ақтап-ақ тұр: ол шетелдік өнімдерге жеңілді, жаппай жол берді. Бұл әзілдің түбінде зіл бар. Өнеркәсіп министрлігінің мәліметінше, осы өнеркәсіптегі отандық тауар өндірісі 2020 жылғы 142,7 млрд-тан 2023 жылы 237,4 млрд теңгеге дейін ғана артты.