Ел дамуының маңызды мәселелері қозғалған республикалық референдумда Ата Заңымызға енгізілген өзгерістің бірі жерге байланысты болды. Онда айтылғандай, «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі». Сондықтан мемлекет мүддесіне, халық игілігіне пайдаланылуға тиісті.