Күні кеше ғана Миланның төрінде көк байрағымыз желбіреді. Мәнері мен қимылы сай Михаил Шайдоров 32 жыл асыға күткен алтын медальды қоржынға салды. Кескілескен сында талай жылғы фавориттер тақтан құлап, дүйім жұрт Михаилдың өнеріне тәнті болды. Осылайша, алтындай спортшымыз үкілеген үмітті еселеп ақтады.