Сенаттың Қоғамдық жобалық кеңсесі, Maqsut Narikbayev University және Ақмола облысы әкімдігінің бірлескен жұмысының аясында қолға алынған БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі акселераторы өз қызметінің аралық нәтижелерін жариялады. Сарапшылардың зерттеулері талқыланған іс-шараға палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысты.