Apple компаниясы салық жеңілдіктерін пайдаланып, бірнеше миллиард еуро салық төлемегені 2016 жылдан бері сотта қаралып келеді. 2020 жылы ЕуроОдақ соты бұл істі компанияның пайдасына шешкен болатын. Соңғы аптада Жоғарғы сот бұрынғы шешімнің күшін жойғысы келетінін хабарлаған.