Еліміздің орталығы мен солтүстігі және шығыс өңірлері 15 қыркүйекке дейін жылу маусымына сақадай сай болуы тиіс. Ал қалған облыстарға берілген соңғы мерзім – 15 қазан. 10 мамырда өткен Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов осылай деп шегелеп тапсырды.