Ақын, Өскемен қаласы Мәдениет, ішкі саясат және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Қалқаман Сарин жуырда Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына сапарлап қайтты. Сапар Оралхан Бөкей атындағы кітапхана мен Ақтан Бабиұлы атындағы кітапхана арасындағы әріптестік байланыс негізінде өрбіген еді.