Жуырда Түркия Қазақстаннан мол мөлшерде бидай мен жасымықты сатып алуға уағдаласты. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың Түркияға сапары кезінде белгілі болған-ды. Әлбетте, жақсы жаңалық. Өйткені бұл жоба отандық шаруалар үшін зор мүмкіндік болып отыр. Дегенмен астықты шетке сату үшін алдымен өнім жинап алу керек. Биыл біз қанша астық жинаймыз?