Елімізде бүгінде 725 мыңнан астам мүгедектігі бар адам бар. Олардың 58%-ы еңбекке қабілетті жаста болса, 26,9%-ы зейнеткерлер, ал 15,1%-ы – 18 жасқа дейінгі балалар. Ендеше осынау онсыз да тағдыр-талайы тауқіметке толы жандардың құқын қаншалықты қорғай алып отырмыз? Осы сұрақтың жауабын бүгінгі ахуалдан іздеп көрген едік.