Қант диабеті - бұл ұзақ уақыт бойы анықталмайтын ауру. Бірақ адамның тез шөлдеуі, жаралардың жазылмауы, дәретханаға жиі бару секілді белгілерді бірден аңғару керек. Себебі, ұзақ уақыт мән бермей жүрсеңіз ауру денеңізге дендеп, ағзаны бұзуы мүмкін. Егер сізге қант диабеті немесе предиабет диагнозы қойылса тез арада дұрыс тамақтануды қалыптастыру қажет. Себебі кейбір тағамдар аурудың алдын алуға көмектеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ге сілтеме жасап.