«Әннің ғұмырлы болуы – ол тек сөз мәтініне ғана байланысты, әннің сөзі жақсы болса ғана әнді халық сүйіп айтады, ғұмырлы болады, мен сондай әндердің мәтінін Шөмішбайдың жазған ән-өлеңдерінен көріп, сезінемін, ол – әнге мәтін жазудың шебері», – дейді академик, Халық жазушысы Зейнолла Қабдолов.