Алтын кенішіндегі шұңқырға құлап кеткен автобустың табылмай жатқанына алты күннен асып, жетінші күнге кетті. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мұндай күрделі жағдайдағы апаттың Қазақстанда алғаш рет болып отырғанын жеткізді. Өйткені опырылған ойықтың тереңдігі – 150 метрдей.