«AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында мұғалімдерді қаржылық сауаттылықты оқыту дағдыларына үйретуді ұйымдастырды. Ел бойынша барлығы 7 500 мектеп, колледж және университет мұғалімдері оқытылады. Жоспар бойынша жаңа пән алдағы оқу жылында мектеп бағдарламасына енгізілмек.