Биыл халықтың қаржылық сауатын арттыруды көздейтін «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 750 мың отандасымыз оқыту курсынан өтеді. Күндізгі форматтағы оқыту семинарларынан бөлек, енді кез келген адам qogamfin.kz онлайн платформасын пайдалана алады. Жаңа портал бүгін «AMANAT» партиясының баспасөз орталығы алаңында таныстырылды.