Оңтүстіккореялық жазушы Хан Ган «тарих салған жарақатқа қарсы тұруға үндеп, адамзат ғұмырының нәзік қырларын ашатын поэтикалық прозасы үшін» биыл әдебиет бойынша Нобель сыйлығына ие болды. 53 жастағы Хан Ган – осы сыйлықпен марапатталған тұңғыш оңтүстіккореялық қаламгер, сондай-ақ бүгінге дейінгі 121 Нобель лауреаты ішіндегі 18-ші әйел.