Астана қаласының прокуратурасы Қ. Боранбаевпен және басқа сотталушылармен «ҚазТрансГаз» АҚ-ның ақшалай қаражатын иемденіп (ҚК 189-бабының 4-бөлігі) және оларды заңдастыруға (ҚК 218-бабының 3-бөлігі) қатысты ісі бойынша кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасады. Бұл туралы Aikyn.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.