Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тері» – қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ сахна өнерінің де тағдырлы туындысына айналған шығарма. Роман-трилогиядағы Арал теңізі жағасындағы елдің ауыр тұрмысы, арпалысы, кек, ар мен азап сахнаға жаңа тыныс берді. Бұл шығарма алғаш рет Мұхтар Әуезов атындағы драма театрдың сахнасында қойылды. Оны қойған – режиссер Әзірбайжан Мәмбетов.
Жаңалықтар