Бала күніміздегі сүйікті кейіпкеріміз – бұзық Қожа ағылшынша сөйледі. Тақиялы періште Тайлақ та өзін ЖенПИ-дің қыздарына шетелше таныстырып, «Махаббат бекетіндегі» Орал да Гүлназының сұлулығын өзге тілде сипаттайды. «Қыз Жібектегі» Сырлыбай би ағылшынша насихат қылып, Ермек Серкебаев бұл тілде ән салды. Қалай дейсіз бе?