Еліміздің этносаралық қатынас саясатында Қадыр Мырза Әлі ағамыздың «Қазақ осы – қарасың ба, ақсың ба, қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін» деген өлең жолдары расқа айналатын түрі бар. Өйткені таяуда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясынан кейін өзге ұлт өкілдерінің төлқұжатындағы «ұлты» деген жеріне «қазақ» деп жазу керек деген ұсыныс қайта қозғалды.