Елімізде Тик-Ток желісін пайдаланушылардың әрекетіне бақылау болмай тұр. Қатаң қадағалаудың жоқтығынан қолданушылардың кейбірі тіпті миллиондаған оқырмандарының көзінше боқауыз сөйлеп, ойына келгенді жасайды. Мұндайларды көпшілік "TikTok блогері" деп атап жүр. Сондықтан депутаттар жастар санасын улаған желіге заңмен шектеулер қою мәселесін көтерді. Бұл туралы “Информбюро” бағдарламасы хабарлайды.