Еліміздің криптонарығында түсініксіз жағдай қалыптасты. Әлеуметтік желіде тараған алыпқашпа сөзге қарағанда, CaspianEx (Top Line Limited), ATAIX Eurasia секілді бірқатар жергілікті биржаның жабылу қаупі бар. Бұған қатысты тиісті құрылымдар әзірге ресми жауаптарын беруге асығар емес. Дегенмен жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды. Отандық компаниялар жағдайының шатқаяқтап тұрғаны жиі айтылып жүр.
Жаңалықтар