Түркі академиясы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Түркия Республикасының Елшілігімен бірлесіп «Түркия Республикасының 100 жылдық белесінен Түркі әлемінің болашағына» тақырыбында халықаралық конференция өткізді. Аталған жиын Түркия Республикасының 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.