Соңғы 4-5 жыл бойы тұтас ел аумағында киіктер саны өсіп келеді. Даланың еркін жануарының өскені қуантқанымен, олардың көбеюі ауыл шаруашылығы саласында күрделі мәселелерді туындатты. Жабайы жануарлар егіс алқаптарын ойрандап, елдің бірнеше аймағында диқандарды шығынға батырды.