Бүгінде Жамбыл облысында жасөспірімдер қылмысы алаңдатып тұр. Былтыр кәмелетке толмағандар жасалған қылмыс саны 26 болса, биыл нақты осы санаттағы заңбұзушылықтар 3,8 пайызға өскен. Жастар арасындағы теріс қылықтың басым бөлігі ұрып-соғу, бопсалау, ұрлық және өз-өзіне қол салу фактілері.