Думан Рамазанның «Жошы Хан» пьесасы Үргеніш шаһарын Жошы, Шағатай әскері қоршап тұрғанынан басталады. Жошымен бақталас Шағатай: «Қамалды қоршап тұрғанымызға бір ай болды, елші жіберейік деп қоймадың», – деп Жошының қолбасшылық дарынына әдейі күмән келтіре сөйлеп, қалың қолдың бір ай бойы қаңтарылып тұрғанына Жошыны кінәлайды.