Елімізде автокөлік лизингі қолға алына бастады. Дәлірек айтсақ, Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап жеке тұлғаларға арналған автокөлік лизингі қолжетімді болды. Бұл тәсіл әлемде кең таралғанымен, біздің ел үшін әлі салыстырмалы түрде жаңа. Бастамашылардың айтуынша, мұндай өнім алғаш рет іске қосылып отыр.