Көпен Оспанханнан кейінгі өте талантты сатирик болды. Ол – сатираны биік деңгейге көтерген адам. Өзі өмірден 70-тен аса кетті ғой. Жалпы, ол жас та және қартайып та кеткен жоқ. Ақыл бітіп, таланты қанат жайғанда ғайыптан кетіп қалғаны бүкіл қазаққа қайғы болды. Себебі оның бергенінен берері көп еді.