Әнші Бақыт Шадаева әріптесі Сейфуллин Жолбарыспен арада болған дауға қатысты ашып айтты. Бақыт Шадаеваның үйін алып, ақшасын бермей кеткені жайлы бұдан бұрын да БАҚ беттерінде жазылған еді. Енді өнер иесі Сейфуллин Жолбарыс "әр сұхбатында өзіме шабуыл жасайды" деп өкпесін жеткізіп отыр. Ол бұл туралы Базарlike бағдарламасына берген сұхбатында әңгімелеп берген, – деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.