Париж төрінде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында ұлттық құрама бес жүлде еншілеп үлгерді. Оның екеуі – алтын, екеуі – күміс, қалғаны – қола медаль. Өткен додалармен салыстырғанда көрсеткіш едәуір жақсарған. Төртжылдықты түйіндер бәсекенің аяқталмағанын ескерсек, ел қоржыны тағы да толығуы бек мүмкін.