Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата жанындағы Сарапшылар клубының отырысы өтті. Онда сарапшылар Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған экономикалық дамудың негізгі басымдықтарын және Президент жүктеген міндеттерді іске асыру жолындағы бірлескен жұмыстың форматын талқылады. Іс-шараға Қазақстанның Қаржы министрі Мәди Тәкиев қатысты.