Кеше Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Онда депутаттар халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы заңды екінші оқылымда қабылдап, ЕАЭО елдерінде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімді ратификациялады.