...Сіз базар аралап жүрсіз делік. Жалақыңыздан жырымдап жинаған ақшаңызға ұялы телефон, сөмке, қолсағат және құлаққап алуыңыз керек. Алдымен ұялы телефон алмақ болып бір бутикке бас сұқтыңыз. Арманыңыз – соңғы үлгідегі iPhone. Осы кезде жаныңызға сатушы келді. – Қандай смартфон іздедіңіз? – iPhone. – Ыммм... Бізде осы жылы шыққан iPhone-ның соңғы үлгісі бар. Мінекейіңіз. Бағасы – 750 мың теңге.