Бүгінде қоян өсіру сәнге айналып келеді. Біреулер қызығушылықпен өсірсе, енді бірі пайда табу мақсатында шаруашылыққа айналдырады. Біздің кейіпкеріміз Шәрипа ана бастапқыда хоббиі ретінде үйіне 4 көжек алып келген. Кейін оның жылдам көбейетінін көріп, қызығушылығы артқанын айтады.