Жобаны одан әрі дамыту мақсатында «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры жанынан Қамқоршылық кеңесі құрылды. Кеңестің негізгі міндеттері – жобаның стратегиялық бағыттарын айқындау, қатысушыларға ұсынылатын әдебиеттер тізімін бекіту, сондай-ақ негізгі бастамалар мен іс-шараларды әзірлеу.