Барсакелмес – әлем бойынша экологиялық апат аймағында орналасқан жалғыз мемлекеттік табиғи қорық. Жері шүйгін, табиғаты тылсымға толы бұл мекенде аң мен құстың сан түрі тіршілік етеді. Қорық жайында көнекөз қариялардың аңыз-әпсаналары өз алдына бір төбе.