Парламенттегі мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек желіде тараған казинода түскен суреттеріне байланысты түсініктеме жасады. Айтуынша депутат казиноға тек жұбайымен концертке барған. Ал құмар ойындарын ешқашан ойнамаған екен. Мұны ақпараттық арандатушылық деп атаған шенді артында кімдердің тұрғанын білетінін айтты.