Елімізде лудомандар саны 350 мың адамнан асты. Бұл биліктің азаматтарды құмар ойындардың құрығынан қорғауда пәрменді шаралар қабылдай алмағанын көрсетеді. Депутаттар айтқандай, казиноларды қозғап жүріп Қонаевқа, шулап жүріп Щучинскіге көшіргенмен, мәселе толық шешілмеді.