Қай кезеңде болмасын экология мәселесі – алматылықтар үшін өзекті тақырыптың бірі. Себебі жыл өткен сайын еліміздің оңтүстік астанасына сыртқы аймақтардан ағылып келетін көлік саны да, тұрақты жұмыс іздеп, ұзақ мерзімге тұрақтап қалу үшін қоныс аударатын тұрғын саны да артқан. Ал бұл жағдай өз кезегінде қаладағы жасыл желектің қурауына әсер ете бастады.