Кез келген мемлекеттің қуаты табиғи байлығымен ғана емес, сол байлықты тиімді пайдалана алатын мүмкіндігімен өлшенеді. Ал ол мүмкіндіктің өзегі – энергетика. Электр қуаты жеткіліксіз жерде өндіріс өркендемейді, инвестиция тұрақтамайды, жаңа технологиялар дамымайды. Сондықтан бүгінде энергетикалық қауіпсіздік мәселесі экономикалық саясаттың ғана емес, ұлттық қауіпсіздіктің де маңызды бөлігіне айналды.
Жаңалықтар