Үкімет 2025 жылдың соңына дейін бүкіл Қазақстанды 100% ауызсумен қамтимыз деп отыр. Бұл – Мемлекет басшысының берген тапсырмасы. Оған 1,5 жыл қалды, ендеше оны орындау қаншалықты мүмкін? Онсыз да елімізде ақшасы талан-таражға түсіп, қаңырап қалған жоба көп. Құмға сіңген ауызсу бағдарламаларының сұрауы кімнен?