Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының басталуына 42 күн қалды. Аталмыш ойында сынға түсетін көшпелі ұлттың ержүрек ұландары қазір қызу дайындық үстінде. Дүбірлі дода да бәсекеге түсушілер қазақтың ұлттық спорт түріне айналған ойындар бойынша да бақ сынайды. Соның бірі – құсбегілік, ұлт бойындағы ұлы өнер. Алда болатын үлкен жарысқа қатысатын үш құсбегі ішінде атыраулық Арман Қошқаров та бар.