Кейде аспан әлеміне зер сала отырып ойланасың. Бұрынғыдай заңғар көкте қанатын кере қалықтаған қыран бүркіттерді көрмек былай тұрсын, қазақ үшін қастерлі саналған қарлығашты да сирек кезіктіретін болдық. Торғай екеш торғайдың өзін көп көрмейміз.