Қыркүйек айында елордада ондаған үй жарықсыз қалуы мүмкін. Бұл проблема "Үркер" ықшам ауданындағы саяжай қалашығында орын алады. Жеке үйлер бір жыл бұрын пайдалануға берілген. Содан кейін құрылысшылар тұрғын үйді уақытша электр желілеріне қосқан. Қазір тұрғындардың айтуынша, қыркүйекте олар уақытша желілерден ажыратылмақ. Жергілікті тұрғындар жарықсыз ғана емес, жылусыз қалудан да қорқады.