Кешеден бастап Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында визасыз режим қолданысқа енгізілді. Көлік министрлігінің мәлімдеуінше, жолаушылар тарапынан туындап отырған сұранысты қанағаттандыру мақсатында екі ел арасындағы рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.