Сыр өңірінде жаңа оқу жылы қарсаңында осал отбасынан шыққан 37 мың 087 балаларға мектепке дайындығына бір реттік қаржылай көмек берілуде. Оған жергілікті бюджеттен 1,3 млрд. теңге бөлінген. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте сала мамандары мәлімдеді.